«Махаббаттары ерекше еді»: Жеңіс Ысқақова анасына ән арнады

/
«Махаббаттары ерекше еді»: Жеңіс Ысқақова анасына ән арнады

Белгілі әнші Жеңіс Ысқақова марқұм анасын еске алып, әлеуметтік желіде видео жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Алтыным, осы әнді анам мені тербеткенде айтатын. Ес біле бастаған кезімнен бастап, анам әрдайым мені дәл осы әнмен тербетіп ұйықтататын. Әкем мен анамның кенжесі болғандықтан ба, маған деген махаббаттары ерекше еді. Емшектен шығару да оңай болмағаны есімде. Мектепке барарда ғана зорға көндірген. Анам: «Жеңкә, сен енді мектепке барасың, ұят болады» — деп айтқан кезде де: «Мама, онда ұйықтарда тым болмаса ұстап жатайыншы» — деп, қолымды анамның омырауына қойып, сол әнді тыңдап ұйықтайтынмын. 23 қараша — анамның туған күні. Әрине, Құран бағыштадық. Бүгін осы әнді анама арнаймын», – деп жазды Ж. Ысқақова.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары