Үнді киносының аңызы Дхармендра көз жұмды

/
Үнді киносының аңызы Дхармендра көз жұмды

Үнді киносының аңызға айналған актері Дхармендра 89 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Times of India сайты хабарлағандай, актер соңғы күндері Мумбай қаласындағы ауруханада ем алып жүрген.

Дхармендра ұзақ жылдар бойғы шығармашылық жолында жүздеген үнді фильмдерінде басты рөлдерді сомдады. Ол әсіресе «Зита мен Гита» және «Али Баба мен қырық қарақшы» фильмдері арқылы көрерменге жақсы таныс.

Осы фильмдердің арқасында актер тек Үндістанда ғана емес, бүкіл Азияда кең танымалдыққа ие болды. Дхармендра үнді киносы тарихында ерекше орын алады және Болливуд жұлдызы Хема Малинидің жұбайы болған. 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары