Мұқасан Шахзадаевқа қатысты қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүріп жатыр

/
Мұқасан Шахзадаевқа қатысты қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүріп жатыр
Әлеуметтік желіден

Бірнеше күн бұрын блогер Жан Ахмадиев «Нұр-Мұқасан» тобының жаңа мүшесі Ғалымжан есімді жас әншіні ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Мұқасан Шахзадаев ұрып-соққанын айтқан болатын, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оның айтуынша Ғалымжанның мұрны мен қолы сынған. Бұл оқиға қоғамды дүрліктіріп, түрлі алып-қашпа әңгімеге арқау болды.

Tengrinews.kz мәліметінше, Алматы қаласының полициясы Мұқасан Шахзадаевқа қатысты қылмыстық іс қозғаған. Қазір тергеу жүріп жатыр.

«22 қарашада Наурызбай ауданының полиция басқармасына жергілікті тұрғын өзін М есімді азамат бірнеше адаммен бірлесіп соққыға жыққанын айтып, арыз жазды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Тергеу қорытындысы бойынша заңға сәйкес шаралар қабылданатын болады», - делінген полиция хабарламасында.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары