Мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Гран-при финалына өтті

/
Мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Гран-при финалына өтті
Фото: Lintao Zhang/International Skating Union via Getty Images

Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан құрамасының көшбасшысы Михаил Шайдоров Гран-при финалына өтті. Бұл туралы ұлттық Олимпиада комитеті хабарлайды.

Финляндия астанасы Хельсинкиде ерлер арасындағы Гран-при сайысының соңғы кезеңі аяқталды. Жапониялық Юма Кагияма жарыста жеңімпаз атанды.

Алты кезеңнің қорытындысы бойынша Гран-при финалына қатысатын алты мәнерлеп сырғанаушы анықталды. Михаил Шайдоров жалпы есепте 24 ұпай жинады. Осы нәтижемен ол бесінші орынға тұрақтап, шешуші кезеңге жолдама алды.

Финалға шыққан мәнерлеп сырғанаушылар:

1. Никита Малинин (АҚШ) - 30 ұпай;

2. Юма Кагияма (Жапония) - 30 ұпай;

3. Шун Сато (Жапония) - 28 ұпай;

visit.kompastour.com

Перейти

4. Адам Сяо Хим Фа (Франция) - 26 ұпай;

5. Михаил Шайдоров (Қазақстан) - 24 ұпай;

6. Дэниэль Грассль (Италия) - 20 ұпай.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары