"Сөз, өсек, сын, мінді тым көп естіген адаммын": Ерке Есмахан желі қолданушыларына кеңес берді

/
"Сөз, өсек, сын, мінді тым көп естіген адаммын": Ерке Есмахан желі қолданушыларына кеңес берді

Танымал әнші Ерке Есмахан әлеуметтік желі қолданушыларын артық пікір айтудан аулақ болуға шақырды, деп хабарлайды turkystan.kz.

"Адамның айтқаны емес, Алланың бұйырғаны болады деген сөздің мағынасын біздің жанұяға қарап түсіне берсеңіздер болады! Өзім, өнерім, күйеуім, отбасым туралы сөз, өсек, сын, мінді тым көп естіген адам ретінде түйгенім: не болса да бәрі бір Алланың қалауымен ғана болады. Ол - Білуші! Ол - Бұйырушы! Ал адамдардың сөзі - жәй ғана шу. Айтайын дегенім, қазіргі ақпаратқа лық толы ғаламторда сөзге де, көзге де сақ болыңыздаршы. Басқа бәленің бәрі тілден. Артық пікір айтудан аулақ болыңыздар! Өзіңіз үшін, ұрпағыңыз үшін! Өтініш. Бақытты болайық!", - деп жазды ол.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары