194
Бішкекте Жоғары Еуразия экономикалық кеңесінің жиыны басталды
Бішкекте Жоғары Еуразия экономикалық кеңесінің жиыны басталды
Бішкекте бүгін Жоғары Еуразия экономикалық кеңесінің жиыны басталды. "Ала-Арча" резиденциясында өтіп жатқан жиынға Еуразия экономикалық одағына (ЕАЭО) мүше елдер - Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Ресей президенттері қатысуға келген. Президенттер әуелі жабық түрде кездеседі.
Жиын қарсаңында Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев Молдова президенті Игорь Додонмен кездесті. Бұған дейін ресми дереккөздері бүгін Молдоваға ЕАЭО-ға бақылаушы мемлекет мәртебесін беру мәселесі қаралуы тиіс екенін хабарлаған. Бұдан соң кеңейтілген жиынға ЕЭАО елдері мен Молдованың президенттері қатысады.
Биыл ЕАЭО-ға Қырғызстан төрағалық жасайды. Алмазбек Атамбаевтың ұсынысымен 2017 жыл Еуразия кеңістігінде бизнесті дамытуға қолайлы жағдайлар туғызуға арналады.
Бүгінгі жиын барысында президенттер ЕАЭО аясында экономикалық өзара іс-қимыл, халықаралық ынтымақтастық және интеграция мәселелерін талқылайды.
Бішкекке Армения президенті Серж Саргсян, Беларусь президенті Александр Лукашенко, Тәжікстан басшысы Эмомали Рахмон, Ресей лидері Владимир Путин, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев және