Ақ үйде Сауд Арабиясының тақ мұрагері Мұхаммед бен Салманға құрмет ретінде ұйымдастырылған салтанатты кешке Криштиану Роналду мен оның әйелі Джорджина Родригес, Илон Маск және FIFA Президенті Джанни Инфантино сияқты атақты адамдар қатысты, деп хабарлайды turkystan.kz.
Аталған іс-шараға байланысты Криштиану Роналду әлеуметтік желіде жазба жариядады.
«Президент мырза, шақыруыңызға және мені әрі болашақ жұбайым Джорджина ханымды жылы қабылдағаныңызға алғыс айтамын. Болашақ үшін әрқайсымыздың берер маңызды үлесіміз бар. Батылдықпен, жауапкершілікпен әрі берік бейбітшілікке негізделетін болашақты бірге қалыптастыруда өз үлесімді қосуға дайынмын», – деп жазды атақты футболшы.