Жапонияда өрт 12 сағаттан астам уақыт бойы сөндірілуде: шамамен 200 үй жанып кетті

/
Жапонияда өрт 12 сағаттан астам уақыт бойы сөндірілуде: шамамен 200 үй жанып кетті

Кюсю аралындағы Оита қаласында ірі өрт болып, соның салдарынан 170-тен астам ғимарат жойылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Өрт 18 қарашада басталған және құтқарушылар әлі күнге дейін өрттің тұрғын аудандарға таралуын тоқтата алмай отыр. Өрт сөндірушілер жалынмен 12 сағаттан астам уақыт бойы күресуде. От айналадағы ормандарды да шарпыған.

Жойылған ғимараттардың арасында көптеген тұрғын үйлер бар екені белгілі. Қазір эвакуациялық орын ретінде қолданылып отырған жақын маңдағы қоғамдық орталықта 175 адам орналастырылған. Сонымен қатар, 76 жастағы ер адамның жоғалғаны туралы хабарланып отыр.

Префектура билігі ресми түрде табиғи апаттардың салдарын жою туралы заңды қолданатынын жариялады. Осы заңға сәйкес, эвакуациялық пункттерді қамтамасыз ету шығындарын мемлекет өз мойнына алады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары