Қарақат Әбілдина бір күнде 19 қыздың тұсауын кесті (ВИДЕО)

/
Қарақат Әбілдина бір күнде 19 қыздың тұсауын кесті (ВИДЕО)

Танымал әнші келесі жылы өткізетін тұсау кесер рәсіміне өтінім жинау басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ол әлеуметтік желіде бір күнде 19 қыздың тұсауын бір күнде кескенін айтып, видео жүктеген.

"Тәй-тәй басқан құлыншақтардың қадамы құтты болсын! Бүгінгі күн, ертеңгі тарих. Өмірімді періштелермен қоршап қойған жаратқанымның маған берген бұл да бір баға жетпес сыйы деп қабылдаймын! Шүкір! Кешеден бері жұмыс телефоныма ‘тұсау кесер тойға жазылсақ ‘- деп сұрап жатқан жандардың қатары өте көп. Осы посттың астына өтініш қалдырсаңыздар, келер 2026 жылы бұйырса, тағы да ұйымдастырармыз. Ең бастысы алтын бастарыңыз аман болсын! Бейбіт заман болсын! Амандықта, жақсылықта, тойда қауышайық, жақсы адамдар!", - деп жазды Қ. Әбілдина.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары