Жеңіл атлет Нұрсұлтан Көлдеев Сурдлимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды

/
Жеңіл атлет Нұрсұлтан Көлдеев Сурдлимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды

Жеңіл атлетикадан Нұрсұлтан Көлдеев  онсайыстағы дисциплиналарда 5725 ұпай жинап, қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Атап айтқанда:

100 м жүгіруде: 4 - орын (12.15 с);

Ұзындыққа секіру: 8- орын (5м 84см);

Ядроны серпу: 2 – орын (11м 36см);

Биіктікке секіру: 3 – орын группада (1м 72см);

400 м жүгуру: 2-  орын  группада (57.02 с);

110 м кедергімен: 2- орын группада (16.93 с);

Сырықпен секіру: 3- орын (3м 90см);

Диск лақтыру: 1 -орын (36м 31);

Найза лақтыру: 1 -орын группада (46м 67 см);

1500 м жүгіру: 6 - орын (5:01.39 с)

Нұрсұлтан Көлдеев – Алматы қаласының спортшысы, жасы 29-да. Жеңіл атлетикадан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 2024 жылғы Азия-Тынық мұхиты ойындарының күміс жүлдегері (Малайзия).

Онсайыстаға бәсекеде алтын медальді бейтарап спортшы А. Муминджанов  6502 ұпаймен алса, күміс жүлдені Тайбэй спортшысы Вэй Ю-цзе 5985 ұпаймен иеленді.

Айта кетсек, XXV-шы жазғы Сурдлимпиада ойындарында жеңіл атлетикадан ұлттық құрама сапында 19 спортшы  өнер көрсетуде. Жарыстың алғашқы күнінде отандасымыз Фаина Мейрманова биіктікке секіруден Сурдлимпиада ойындарының рекордын жаңартып, чемпион атанған болатын. Жеңіл атлетикадан жарыстар Токио қаласында  24-ші қарашаға дейін жалғасады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары