Биржада доллар бағасы 521 теңгеге түсті

/
Биржада доллар бағасы 521 теңгеге түсті
istockphoto.com

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша бір АҚШ долларының орташа өлшемді бағамы 521,01 теңгені құрап, 2,63 теңгеге төмендеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің 18 қарашаға арналған ресми доллар бағамы 524,14 теңге.

Kurs.kz сайтының деректеріне сәйкес, қазіргі уақытта Алматыдағы айырбастау пункттерінде доллардың орташа сатып алу бағамы 522,32 теңге, сату бағамы – 524,19 теңге.

Астанадағы айырбастау пункттерінде доллар орташа есеппен 519,54 теңгеден сатып алынып, 526,52 теңгеден сатылуда.

Шымкентте доллардың орташа сатып алу бағамы 521,82 теңге, сату бағамы – 523,91 теңге.

Еске салайық, күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшемді бағамы:

– 10 қарашада 2,27 теңгеге төмендеді,

– 11 қарашада 1,69 теңгеге өсті,

– 12 қарашада 0,61 теңгеге төмендеді,

– 13 қарашада 0,26 теңгеге төмендеді,

– 14 қарашада 1,92 теңгеге төмендеді,

– 17 қарашада 1,37 теңгеге өсті.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары