14 қарашада Шу–Тараз учаскесінде, Жамбыл облысы Меркі ауданының Тәтті станциясында Lada Niva көлігінің жүргізушісі күзетілмейтін теміржол өткелінде тыйым салынған сигналды елемей, өтіп бара жатқан пойызға тым жақын жақындап, «Алматы — Шымкент» бағытындағы жолаушылар пойызының орта бөлігіндегі вагонға соқтығысқан, деп хабарлайды turkystan.kz.
Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
— Оқиға түнгі уақытта болған. Пойыз бағыты бойынша жолын жалғастырды. Шымкент станциясында вагондарға техникалық тексеріс жүргізілді. Қозғалыс қауіпсіздігіне әсер ететін ақаулар анықталған жоқ, — деді «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның баспасөз қызметі.
Жүргізушінің кім екені анықталды, құқық қорғау органдары тексеріс жүргізіп жатыр.