Париж қаласының орталығында атыс болды

/
Париж қаласының орталығында атыс болды

Париждегі Монпарнас теміржол вокзалында атыс болды. Полицейлер жолаушыларды пышақпен қорқытқан ер адамға қарсы оқ атты. Ол тәртіп сақшыларының бұйрығына бағынудан бас тартқан, деп хабарлайды turkystan.kz.

Тергеу мәліметінше, күдікті бұрын отбасында агрессия танытқан үшін жазаланған.

«Бізге белгілі алғашқы деректерге сәйкес, ер адам бұрын тұрмыстық зорлық-зомбылықпен көзге түскен. Ол пышақ суырып алған кезде полицейлер оны тоқтату үшін қару қолданды», — деп түсіндірді прокуратура өкілдері.

Оқиға оның өз отбасын өліммен қорқытқаннан кейін болған. Сондықтан полиция қызметкерлері оны станция платформасында күтіп тұрған. Пойыздан түскен соң, ол қашып кетуге тырысып, кейін өзіне пышақпен жарақат салған. Полиция оны ұстау үшін бір мәрте рет оқ атқан. Оқиға орнына жедел жәрдем шақырылды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары