Қытайда ең ірі алтын кеніші табылды

/
Қытайда ең ірі алтын кеніші табылды

Қытайдың геологтары елдің солтүстік-шығысындағы Ляонин провинциясынан құрамындағы алтыны төмен руданың ең ірі кен орнын тапты. Кендегі бағалы металл қоры — 1 440 тонна, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы Қытайдың Табиғи ресурстар министрлігі мәлімдеген.

Министрліктің WeChat әлеуметтік желісіндегі парақшасында жарияланған мәліметке сәйкес, Дадунгоу кен орнындағы алтынның орташа үлесі — тоннасына 0,56 грамм. Рудалы қабаттың ұзындығы 3 100 метрден асады, ол 115–913 метр тереңдікте орналасқан. Қабаттың орташа қалыңдығы — 263 метр, ең қалың жері — 513 метр.

Мәлімдемеде бұл жобаның Қытайдың стратегиялық алтын қорын арттыруға сеп болатыны және Ляонин провинциясында әлемдік деңгейдегі алтын өндіру базасын құруға мүмкіндік беретіні ерекше атап өтілген. 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары