Доллар 522 теңгеге арзандады

/
Доллар 522 теңгеге арзандады
istockphoto.com

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша бір доллардың орташа бағасы 522,19 теңгені құрап, 1,92 теңгеге төмендеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазақстан Ұлттық банкінің 14 қарашаға арналған ресми доллар бағамы – 524,32 теңге.

Kurs.kz сайтының деректеріне сәйкес, қазіргі уақытта Алматыдағы айырбастау пункттерінде доллардың орташа сатып алу бағамы – 523,76 теңге, сату – 525,7 теңге. Астанада айырбастау пункттері долларды орташа есеппен 521,5 теңгеден сатып алып, 528,5 теңгеден сатады. Шымкентте долларды орташа есеппен 523,59 теңгеден сатып алып, 525,59 теңгеден сатады.

Еске сала кетейік, 10 қарашадағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 2,27 теңгеге төмендеді, 11 қарашада 1,69 теңгеге көтерілді, 12 қарашада 0,61 теңгеге төмендеді, 13 қарашада 0,26 теңгеге төмендеді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары