Жетісу облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы орманмен көмкерілген және мемлекеттік орман қорына енгізілмеген 9 мың гектардан астам жерді анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Орман кодексінің 51-1-бабына сәйкес басқа санаттардағы жерлерде табиғи екпелер мемлекеттік орман қорына енгізілуге жатады.
Прокурорлық қадағалау актісі бойынша әкімдік барлық мүдделі органдардың қатысуымен комиссия құрып, анықталған учаскелерді облыстық орман қорының құрамына енгізу бойынша Жол картасын әзірледі.
Комиссия жұмысының қорытындысы бойынша анықталған 9 412 гектар жер облыстық орман қорына (Алакөл және Үйгентас орман шаруашылығы алқаптарына қоса) берілді.