«Жігіттер» тобының мүшесі Ердос Қанаев өмірден өткен әкесі мен баласына арнап әлеуметтік желіде жазба қалдырды, деп хабарлайды turkystan.kz.
"Сағынғанымнан ғой... Енді мен үшін тек естелік болып қаласыздар- ӘКЕ, ҰЛЫМ! Маған ЕҢ ыстық жандар мына өмірдің парақтарын жауып, ақыреттің есігін ашып кете барды. Қазақта: "Аталсатсаң аталат, боталатпа!"-дейтін сөз бар еді. Онысы мәңгілік ешкім жоқ, тек балаң өсіп, буыны бекіп, көз алдыңда шүлдірлеп, өсіп-өнсін дегені екен ғой. Тағдыр... Алла маған екеуінде айтуды жазған екен. Көнесің... Разылықпен көндім Алланың жазмышына. Өйткені Алла көркем, Алланың ісі де көркем. Біз мұсылмандар осыған бұйырылғанбыз. Көңіліме тыныштық сыйлайтыны Ұлым Ибраhим а.с пайғамбармен Сара анамыздың жанында. Ертең ақыретте Алла сол баланы ата-анасына шапағатшы қылып жібереді екен. Әкем бес уақыт намазын, отыз күн оразасын ұстап, амалымен кете барды. Және жүрегіме үміт сыйлайтыны - жәннат. Ақыретте Алланың біздерге дайындаған Жәннат деген ұлы нығметінде сіздермен бірге боламын деген үміттемін", - деп жазды әнші.
Е. Қанаевтың жазбасын оқыған жанкүйерлері жұбату айтып, әншіге қолдау білдірген.