Ақмола облысы Қазақстандағы туризм драйверінің бестігіне кіреді. Жарты жылдықтың қорытындысы бойынша оң серпін байқалады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Атап айтқанда, көрсетілген қызметтердің көлемі өткен жылмен салыстырғанда 121%-ға артты, 14 млрд теңгеге қол жеткізілді. Болжам бойынша жылдық көрсеткіш 1,5 млн адамнан асады.
«Щучинск-Бурабай курорттық аймағы елде туризмді дамытудың үш орталығының бірі болып айқындалды. Курорттық аймақты 2029 жылға дейін дамытудың кешенді жоспары бекітілді. Биыл курорттың ең көркем жерлерінде 8 алаң, қазіргі заманғы веложол салынды. Ойын элементтері бар бірегей Бөлектау эко жаяу жолы ашылды. Маусымда алғаш рет тікұшақ экскурсиясы іске қосылды. Сонымен қатар Астанамен тікелей қатынас орнату үшін шағын әуежай ашу мәселесі пысықталуда», - деді өңір әкімі Марат Ахметжанов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.