Қазақстан құрамасы самбодан әлем чемпионатында екінші орынға ие болды

/
Қазақстан құрамасы самбодан әлем чемпионатында екінші орынға ие болды
Туризм және спорт министрлігі

6-10 қараша күндері Қырғызстанның Бішкек қаласында самбодан әлем чемпионаты өтті. Дүбірлі додаға 70 елден 466 спортшы қатысты. Жарыс Халықаралық самбо федерациясының (FIAS) қолдауымен «Газпром – балаларға» дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде өтіп, халықаралық спорт күнтізбесіндегі ең ірі оқиғалардың бірі болды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазақстан ұлттық құрамасының спортшылары жоғары деңгейде өнер көрсетіп, жалпыкомандалық есепте екінші орынға ие болды. Отандастарымыз 2 алтын, 2 күміс және 8 қола медаль жеңіп алды.

Қазақстан құрамасының жеңімпаздары мен жүлдегерлері:

Спорттық самбо:

79 кг – Еркебұлан Негметов – күміс

71 кг – Арнұр Қуатай – қола

64 кг – Жандос Бейсенбаев – қола

50 кг – Маргарита Бажаева – қола

80 кг – Мәдина Ержан – қола

Жауынгерлік самбо:

59 кг – Маржан Бизақ – алтын

71 кг – Ниетхан Төлеухан – алтын

80 кг – Ұлболсын Әділова – күміс

58 кг – Арман Тұрымбетов – қола

+98 кг – Талғат Жиентаев – қола

50 кг – Жадыра Пайыз – қола

+80 кг – Нұрилә Асанқызы – қола

Әрбір медаль – спортшылардың табандылығы, кәсіби шеберлігі және өз ісіне деген адалдығының нәтижесі. Сонымен қатар жаттықтырушылар құрамының жүйелі еңбегінің жемісі.

Министрлік самбоны одан әрі дамытуға, спорт инфрақұрылымын жетілдіруге, жас таланттарды қолдауға және Қазақстанның халықаралық спорт аренасындағы беделін нығайтуға бағытталған жұмыстарды жалғастырады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары