Қостанайда жұмыс беруші құрылыста зардап шеккен жұмысшыға 3,5 млн теңге төлейтін болды

/
Қостанайда жұмыс беруші құрылыста зардап шеккен жұмысшыға 3,5 млн теңге төлейтін болды
istockphoto.com

2023 жылдың күзінде Қостанайда құрылыс нысанында қайғылы оқиға болды. Жұмысшы ауыр жарақат алып, көптеген сүйегі сынған және ішкі органдарына зақым келген. Оқиға салдарынан ер адам мүгедектікке шығып, еңбек қабілетін жартылай жоғалтқан, деп хабарлайды turkystan.kz.

Зардап шеккен құрылысшы сотқа жүгініп, өндірістегі жазатайым оқиға салдарынан келген моральдық зиянды өтеуді жұмыс берушіден талап етті.

Істі қарау барысында Қостанай қалалық соты оқиғаның техника қауіпсіздігі талаптарының бұзылуы салдарынан болғанын және оған жұмыс берушінің кінәлі екенін анықтады. Бұл жайттар қылмыстық іс материалдарымен және уәкілетті органдардың актілерімен расталды.

Сот тараптарға дауды бейбіт жолмен шешуді ұсынды. Медиацияның артықшылықтары түсіндірілгеннен кейін екі тарап та татуласуға дайын екендерін білдірді.

Нәтижесінде тараптардың өтініші бойынша медиация рәсімі өткізілді, оның қорытындысы бойынша медиативтік келісім жасалды.

Келісім шарттарына сәйкес, жұмыс беруші зардап шеккен жұмысшыға 3,5 миллион теңге өтемақы төлеуге міндеттелді, ал талапкер өз кезегінде ары қарайғы талаптарынан бас тартты.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары