Биржада доллар бағасы төмендеді

/
Биржада доллар бағасы төмендеді
istockphoto.com

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша бір АҚШ долларының орташа бағамы 524,65 теңге болып, 0,61 теңгеге төмендеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазақстан Ұлттық банкінің ресми дерегіне сәйкес, 12 қарашадағы доллардың ресми бағамы 525,28 теңге болып белгіленді.

Kurs.kz сайтының мәліметінше, қазіргі уақытта Алматыдағы айырбастау пункттерінде доллардың орташа сатып алу бағамы 525,36 теңге, сату бағамы – 526,88 теңге.
Астанада доллар орта есеппен 523,54 теңгеден сатып алынып, 530,54 теңгеден сатылады.
Шымкенттегі айырбастау пункттерінде доллардың орташа сатып алу бағасы 524,76 теңге, сату бағасы – 526,8 теңге.

Еске салайық, 10 қарашадағы сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 2,27 теңгеге төмендеген, ал 11 қарашада керісінше 1,69 теңгеге көтерілген еді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары