Бейнеу ауданының прокуратурасы Мемлекеттік кірістер басқармасының 62 кәсіпкерлік субьектісіне 16,6 млн теңгеге негізсіз хабарламалар бергенін анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Салық органы салықты есептеген кезде сатылатын мүліктің құны туралы қате деректерді қолданғаны анықталды, соның нәтижесінде негізсіз хабарламалар жіберілген.
Сонымен қатар салық органы мүліктің нарықтық құнын анықтамаған, яғни бағалау құны немесе уәкілетті органның ресми кадастрлық құны туралы нақты мәліметтер алмаған.
Нәтижесінде кәсіпкерлерге заңсыз шектеулер қолданылған: есеп шоттары бұғатталған және қызметі тоқтатылған.
Анықталған фактілер бойынша прокурорлық қадағалау актісі енгізіліп, заңсыз хабарламалардың күші жойылды,бұзушылықтарға жол берген тұлғалар тәртіптік жауаптылыққа тартылды, 62 кәсіпкерлік субьектісінің құқықтары қалпына келтірілді.