446
Әскери бөлімді су басып қалды
Әскери бөлімді су басып қалды
Ақмола облысының Жалтыркөл ауылында орналасқан N44813 әскери бөлімін су басып қалды. ҚР Қорғаныс министрлігіне қарасты мекеменің казармасын, асханасын, жатақханасын, штабын, қонақ үйін және клубын су шайып кеткен. Бұл туралы "Интерфакс-Қазақстан" хабарлады.
Ақмола облыстық ТЖД өкілдерінің хабарлауынша, ғимараттың жертөлесіндегі судың тереңдігі 1 метрден асып қалған. Қазір құтқарушылар мен әскерилер тасқын суды сору жұмыстарымен айналысып жатыр. Сондай-ақ, қолдан арық қазып, құм толтырылған қаптармен бөгет жасауда.
Өңірдегі 10 елдімекен қауіпті аймақ қатарына жатқызылды. Атап айтқанда, Атбасар, Астраханб және Целиноград аудандарындағы бірнеше елдімекен су астында қалуы мүмкін. Атбасар ауданында қазір Есіл мен Жабай өзендері арнасынан асып, қызыл су ауылдарға қарай беттеді.