Хасан Қасымбаев сот залының әйнегін сындырып, жанжал шығарды

/
Хасан Қасымбаев сот залының әйнегін сындырып, жанжал шығарды
Ғаламтор

Хасан Қасымбаев сот залында айыпталушыларға арналған орынның пластик әйнегін сындырып жіберді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Tengrinews.kz мәліметінше оқиға бүгін, үкім жариялануына шамамен жарты сағат қалғанда болған.

Оқиғаға Қасымбаев пен басқа айыпталушылардың сот залында журналистердің болуына наразылығы себеп болған.

«Мыналардың бәрін бұл жерден шығарыңдар!» – деп айқайлаған айыпталушы.

Осыдан кейін Қасымбаев айыпталушылар орнындағы пластик терезеге соққы беріп, оны сындырып жіберген. Әйнектің сынықтары сот залына шашылған. Болған жайтты түсіру мүмкін болмады – айыпталушылардың туыстары жақындарының кадрға түсіп қалмауы үшін орынды жауып тұрған.

Осы оқиғадан кейін сот қызметкерлері журналистер мен операторларды залдан дереу шығарып жіберген.

Алматы облыстық сотының баспасөз хатшысының айтуынша, журналистер «олардың қауіпсіздігі үшін» шығарылған.

Сот Хасан Қасымбаевты адам ұрлау, қасақана ауыр дене жарақатын келтіру және қорқытып ақша алу баптары бойынша кінәлі деп таныды. Айыптардың жиынтығы бойынша ол 12 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары