Облыс әкімдерінің штаттан тыс кеңесшілері пайда болуы мүмкін

Облыс әкімдерінің штаттан тыс кеңесшілері пайда болуы мүмкін

Облыс әкімдерінің штаттан тыс кеңесшілері пайда болуы мүмкін
ашық дереккөзі
Алдағы уақытта облыс әкімдерінің штаттан тыс кеңесшілері пайда болуы мүмкін, – деп хабарлайды Астана арнасы. ҚР Инвестициялар және даму министрлігі өкілдерінің мәлімдеуінше, штаттан тыс кеңесшілер аймаққа ақша құюға келген инвестормен бастан аяқ жұмыс істеу міндеті жүкетелмек. Штаттан тыс кеңесші қызметін «Қазақинвест» ұлттық компаниясының  аймақтық өкілі атқарады. Бұл инвесторлардың әкімшілік кедергілерге тап болмай, елге құйылатын инвестиция көлемін арттыруға үлкен сеп болмақ.  Сонымен қатар, алдағы уақытта «Кәсіпкерлік туралы»  заңға өзгерістер енгізу қарастырылады. «Егер инвестордың виза мерзімі өтіп кеткен болса, оны рейстен түсіріп алмау жөніндегі ұсынысты ІІМ-мен қарап жатырмыз. 5-10 күн өтіп кетсе, оны рейстен қалдырып, сотқа сүйремеу үшін, айыппұл жүйесі енгізілсе  деген жоспар бар. Қажет болса, сол жерде айыппұлды өтеу мүмкіндігін  қарастырған жөн. Қазір мұндай тәжірибе бар», – дейді  ҚР ИДМ инвестициялар жөніндегі комитет төрағасының  орынбасары Ербол  Тасжүреков. Естеріңізге сала кетейік, былтырғы жылы  шетелдік инвестиция көлемі 40 пайызға артып, 20,6 миллиард долларды  құраған. Қаржы негізінен ақпараттық технология, электрожабдықтау саласы  мен тау-кен өндірісіне құйылған болатын.