Дағыстанда тікұшақ апаты салдарынан төрт адам қаза тапты

/
Дағыстанда тікұшақ апаты салдарынан төрт адам қаза тапты

Дағыстанда құлаған тікұшақ ішіндегі төрт адам қаза тауып, үш адам ауыр халде ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы ТАСС агенттігіне Дағыстанның денсаулық сақтау министрі Ярослав Глазов мәлімдеді.

«КЭМЗ тікұшағы Ачи-су елді мекені маңында апатқа ұшырады. Салдарынан төрт адам қаза тапты. Үш адамның жағдайы ауыр», – деді министр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары