398
Заңсыз қызмет еткен төрт медресе жабылды
Заңсыз қызмет еткен төрт медресе жабылды
Қырғызстанда заңсыз білім берумен айналысқан 4 медресе қызметіне тыйым салынды. Бұл туралы Қырғыз мұсылмандары діни басқармасы өкілі Куштарбек Маматов мәлімдеді, деп хабарлайды muslim.kz.
Оның айтуынша, аталған оқу орындары балаларға білім беретін талап-шарттарды сақтамастан және заңдық рұқсат құжатынсыз жұмыс істеген. Олардың оқу үдерісі мешіт ғимараттарында жүргізілген. «Біз осыған дейін оларды тексеріп, ескерту жасадық. Медреселердің арнайы ғимараттары болмаған, мешітте сабақ жүргізген. Біз оларға заң нормаларын түсіндіріп, ережелерді көрсеттік»,- дейді К.Маматов.
Бұған дейін Бішкек қаласы Ішкі істер департаменті, кәмелеттік жасқа толмаған балалар ісі жөніндегі инспекция, муфтият, аудан әкімдігі мен басқа да мемлекеттік орган өкілдерінен тұратын комиссия діни білім беру мекемелерін аралаған. Тексеріс нәтижесінде бірқатар медреселерде техникалық қауіпсіздік ережелері мен санитарлық нормалардың сақталмағаны анықталды.
Ресми деректерге сүйенсек, қазіргі күнде Қырғызстанда 102 медресе бар. Олардың басым бөлігі тіркеуден өткен және қызметін заң аясында жүргізіп келеді.