"Үйінде тұрып, шайын іштім": Жахан Отарғалиев Мөлдір Мұқановадан кешірім сұрады

/
"Үйінде тұрып, шайын іштім": Жахан Отарғалиев Мөлдір Мұқановадан кешірім сұрады

Актер Жахан Отарғалиев сұхбатынан кейін ел ішінде үлкен резонанс тудырған продюсер Мөлдір Мұқанға қолдау білдірді, деп хабарлайды turkystan.kz.

"Жеңгемді қолдап кеткім келді. Өнерге келуіме себеп болған ол - Тұрсынбек ағам. Үйінде тұрып, жеңгемнің шәйін ішіп екеуімен де жақсы араласқанмын, екеуін бірдей сыйламын, жақсы көремін. Бәрі жақсы болсын", - деп жазды әзілкеш.

Сондай-ақ ол Мөлдірдің өзіне қандай көмек көрсеткенін ерекше атап өткен.

"Былтыр менің әлеуметтік желідегі парақшам жабылып қалған кезде мені ең бірінші болып Мөлдір жеңгем қолдаған еді. Айтқызбай-ақ қолдаған болатын. Біз бір-бірімізді  2008 жылдан бері танимыз. Қашан барсам да алдымнан жүгіріп шығып, күн демей, түн демей бір шәйнек шайымен қарсы алатын. Сол жеңгемнің алғашқы киносы шығып жатыр. Соны тамашалауға шақырамын", -  деді Жахан Отарғалиев.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары