Қостанайда әйелі мен енесін пышақтап өлтірген азаматқа үкім шықты

/
Қостанайда әйелі мен енесін пышақтап өлтірген азаматқа үкім шықты
istockphoto.com

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот Костанай облысының тұрғынына қатысты қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды turkystan.kz.

2025 жылдың шілде айында сотталушы өз үйінде, жанжал кезінде әйелі мен енесінің өмірлік маңызы бар ағзаларына бірнеше рет пышақ салған. Нәтижесінде жәбірленушілер оқиға орнында көз жұмған, ал сотталушы оқиға орнынан қашып кеткен.

​Сотталушы сотта кінәсін ішінара мойындады.

​Сот сотталушының жауаптылығын жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жайларды анықтамады.

​Сотталушының жеке басын, қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін ескере отырып, сот оған қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтеумен 19 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

​Жәбірленуші тараптың моральдық зиянды өтеу туралы азаматтық талабы толық көлемде қанағаттандырылды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары