«Әлихан Бөкейхан университетінің студенттері»: Абай облысында қаза тапқан 3 адам туралы тың дерек шықты

/
«Әлихан Бөкейхан университетінің студенттері»: Абай облысында қаза тапқан 3 адам туралы тың дерек шықты
Әлихан Бөкейхан Университеті

Абай облысындағы Омбы-Майқапшағай автожолының 615/706-шақырымында Toyota Avensis жеңіл автокөлігі мен Howa жүк көлігі бір-біріне соғылып, қаза тапқан үш адамның үшеуі де Семейдегі Әлихан Бөкейхан университетінің студенті болған, деп хабарлайды turkystan.kz.

 Университет басшылығы мен оқытушылары студенттердің ата-аналары мен туған туыстарына, жақындары мен дос-жарандарына қайғырып көңіл айтты.

«2 қараша күні Бесқарағай ауданы Жыланды ауылы маңында болған жол-көлік апатында Заң факультетінің студенттері Тұрарбеков Нұрмағамбет Бауыржанұлы, Оңдабай Рефхат Серікжанұлы мен Ақпараттық технологиялар және экономика факультетінің студенті Абдималиков Рустамбек Нурмуродұлы қаза тапты.

Қыршыннан қиылған өрімдей жастарымыздың қазасы баршамызға ауыр соққыдай тигені сөзсіз. Білім биігі мен спорт белестерін бағындыра жүріп, үлкен мақсаттарға ұмтылған жас өрендеріміздің жарқын жүздері мен асқақ армандары мәңгі есімізде сақталады. Марқұмдардың иманы саламат, жандары жәннатта болсын», - деп жазған университеттің ресми парақшасында.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары