Жібек Құлымбетова джиу-джитсудан әлем чемпионы атанды

/
Жібек Құлымбетова джиу-джитсудан әлем чемпионы атанды
KAZAKHSTAN JUJITSU ASSOCIATION

Жібек Құлымбетова Бангкоктағы джиу-джитсудан ересектер арасындағы әлем чемпионатында топ жарды. Бұл турлы спортшы әлеуметтік желідегі парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Сүйінші, қазақ елі! Бүгін менің өмірімде ғана емес, қазақ джиу-джитсу спортында тарихи күн.

Бангкок қаласында, 18 жасымда алғаш рет ересектер арасында әлем чемпионатына қатысып, төрт кездесу өткізіп, чемпион атандым! Аллаға шүкір!

Бұл жеңіс – тек бір күннің еңбегі емес, бұл – 9 жыл табандылықтың, тәртіптің, сенімнің жемісі», - деп жазды ол.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары