Елена Рыбакина WTA Finals турнирін жеңіспен бастады

/
Елена Рыбакина WTA Finals турнирін жеңіспен бастады
Әлеуметтік желіден

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (WTA №6) WTA финалдық турниріндегі алғашқы ойынында америкалық Аманда Анисимованы (WTA №4) 57 минутта 6:3, 6:1 есебімен жеңді.

Бұл – теннисшілердің WTA аясындағы алғашқы кездесуі. Топтағы екінші матчта Ига Швёнтек америкалық Мэдисон Кизді 6:1, 6:2 есебімен ұтты.

Топтан плей-офф кезеңіне екі спортшы шығады. Келесі турда Рыбакина Кизбен, ал Швёнтек Анисимовамен кездеседі. Ойындар 3 қарашада өтеді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары