Ресейде жас жігіт өз анасының басын кесіп алған

/
Ресейде жас жігіт өз анасының басын кесіп алған

Екатеринбургте анасын өлтірге жас жігіт ұсталды. Бұл туралы Ресей Тінту және тергеу комитетінің өңірлік басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

30 қазан күні таңғы жүгіруге шыққан жергілікті тұрғын Оңтүстік-Батыс орман-паркінде басы жоқ әйел денесін тауып қалған. Ол мұны полицияға хабарлаған. Қаза болған адамның киімі мен құжаттары болмаған. Тұлғасын анықтауға сараптамалық тексерулер көмектесті.

Криминалист-тергеушілер зардап шеккен адамның Орталық Азия елдерінің бірінің 41 жастағы тумасы екенін анықтады. Ол 2023 жылы Ресейге келген. Әйел Екатеринбургтегі сауда орталығында жұмыс істеген. Оның 2004 жылы туған баласы болған.

Тергеу кезінде құрбаның 21 жастағы ұлы қылмысты мойындаған. Ол асының басын қай жерде кесіп, қай жерге жасырып қойғанын көрсеткен. Бас денеден 200 метр жерде, пакеттің ішінде жатыпты. Жас жігіт анасын жеке араздық пен тұрақты жанжалдар салдарынан өлтірген. Ол оны жаңа жалдаған пәтеріне апарамын деп алдап, орман-паркке апарып соқыға жыққан.  

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары