Орта салмақта WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы WBA белбеуінің иегері кубалық Эрисланди Ларамен өтетін жекпе-жекке қатысты алғашқы мәлімдемесын жасады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Жекпе-жек 6 желтоқсанда АҚШ-тың Техас штатындағы Сан-Антонио қаласында өтеді. Кештің басты жекпе-жегі мексикалық Исаак Крус пен америкалық Ламонт Роуч арасында өтсе, Әлімханұлы мен Лараның айқасы шоу бағдарламасындағы қосалқы басты жекпе-жек болмақ.
«Көптен күткен жекпе-жек. Орта салмақта дауыл. Бұл қазақ стилі мен куба стилінің айқасы. Чемпиондардың жұдырықтасуы.
Құдай қаласа 6 желтоқсанда мен өзімнің үшінші чемпиондық титулымды иеленемін. Qazaq style-ды тарихта қалдырамыз», - деді боксшы.