37 жастағы шабуылшы Жоао Пауло төрт маусымнан кейін «Қайрат» клубынан кетсе де, Қазақстанда қалуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды turkystan.kz сайты ASnews.kz-ке сілтеме жасап.
Жасына және дене жағдайына қарамастан, бразилиялық футболшы ел ішінде жаңа команда табуға үмітті.
«Мұнда өзімді үйдегідей сезінемін, сондықтан қалғым келеді», – деді Пауло.
Сонымен қатар оған туған клубы АВС командасы қызығушылық танытқан. Клуб басшылығы 15 жыл бұрын Серия C-де жеңіске жеткен жобаны қайта жандaндырғысы келеді. Алайда команда қазір аймақтық лигада ойнайды. Сондықтан бұл нұсқа Пауло үшін ұтымды емес.
Айта кетейік, Жоао Пауло тізе жарақатына байланысты маусымның көп бөлігін өткізіп алды. Ол «Қайрат» сапында 47 гол соғып, 24 нәтижелі пас берген. Бұған дейін футболшы «Ордабасы» құрамында 50 голмен көзге түскен.