Прокурор Хасан Қасымбаевты ұзақ жылға абақтыға жабуды сұрады

/
Прокурор Хасан Қасымбаевты ұзақ жылға абақтыға жабуды сұрады
Ғаламтор

Талғарда Хасан Қасымбаевқа қатысты сот ісі аяқталуға жақын қалды. Бүгінгі жарыссөзде прокурор оған 15 жылға абақтыға қамау жазасын сұрады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Еске сала кетейік, тергеу нұсқасына сәйкес, 2021 жылы Қасымбаев аралас жекпе-жек бойынша бапкер Арман Алимовты ұрлап, ауыр жарақат салған. Сондай-ақ оған 2016 жылы Аюпжан Тажиевке шабуыл жасаған деген айып тағылған.

Бұл іс бойынша Қасымбаевпен бірге тағы бес ер адам сотталуда. Олардың барлығы сотта тағылған айыптарды қолдан жасалған деп мәлімдеді.

Сот отырысы ашық түрде өткеніне қарамастан, журналистерді залға кіргізбеді және куәгерлердің, жәбірленушілер мен айыпталушылардың мәлімдемелерін жариялауға тыйым салынды.

Хасан Қасымбаевтың есімі бір жыл бұрын кеңінен танылған еді. Оны «Хуторские» деп аталатын ұйымдасқан қылмыстық топпен байланыстырады. Бұл топ 16 жастағы Шерзат Полатты өлтіру ісіне қатысы бар деген болжам айтылған. Ал Қасымбаев өзінің қылмыстық әлемге қатысы жоқ екенін мәлімдеген.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары