Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы қаласында 2025 жылдың қыркүйегінде 5 шетелдік азамат жоспарлаған террорлық актінің алдын алды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Олардың барлығы қамауға алынып, тергеу жүргізілуде.
Сонымен қатар, биыл қыркүйек пен қазанда терроризмді насихаттады деген күдікпен қылмыстық істер аясында 8 қазақстандық қамауға алынды.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес тергеп-тексеру барысы туралы ақпарат жария етуге жатпайды.
Сол кезеңде ҰҚК материалдары бойынша 6 адам террористік және экстремистік қылмыстар жасағаны үшін түрлі мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған.
Жалпы жыл басынан осындай қылмыстары үшін 89 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды, оның 6-сы шетелдіктер.