UFC-де аса жеңіл салмақта өнер көрсететін қазақ файтері Азат Мақсұм (15-3) Абу-дабиде өткен UFC 321 турнирінде жеңіліп қалды.
Отандасымыз америкалық Митч Рапозомен (9-3) октагонға шыққан болатын. Жекпе-жек үш раундқа жалғасып, төрешілер шешімімен Рапозо жеңіске жетті, есеп – 30-26, 29-27, 29-27.
Айта кетейік, бұл – Азат Мақсұмның UFC-мен келісімшарты аясындағы соңғы жекпе-жегі. Дана Уайттың ұйымы қазақ файтерімен контрактті жалғастыра ма, жоқ па, ол жағы белгісіз.
Ал, Митч Рапозо болса UFC-дегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Бұған дейін ол екі рет жеңілген болатын.