Жәнібек Әлімханұлына қатысты жағымды жаңалық жарияланды

/
Жәнібек Әлімханұлына қатысты жағымды жаңалық жарияланды
Әлеуметтік желіден

Орта салмақта WBO және IBF тұжырымдарының чемпионы Жәнібек Әлімханұлы WBA титулының иегері кубалық Эрисланди Лараға қарсы жұдырықтасады. Жекпе-жектің келісімшартына қол қойылды, деп хабарлайды turkystan.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Әлімханұлы-Лара жекпе-жегі 6 желтоқсанда (Астана уақыты бойынша 7 желтоқсан таңертең) АҚШ-тың Техас штатындағы Сан-Антонио қаласында өтеді және Айзек Крус пен кіші Ламонт Роуч кездесетін бокс кешінің негізгі жекпе-жегінің бірі болады.

Инсайдер Дэн Рафаэльдің айтуынша, тараптар үш чемпиондық белбеу үшін жекпе-жек өткізуге келісті. Бокс кеші PBC Prime Video ақылы көру (PPV) бағдарламасына енгізілген.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары