Ақтауда 5 жастағы қыз баланы көлік қағып кетті

/
Ақтауда 5 жастағы қыз баланы көлік қағып кетті
istockphoto.com

Жол-көлік оқиғасы 29-шағын аудандағы үйдің ауласында болған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Hyundai Creta автокөлігінің жүргізушісі 2019 жылы туған қыз баланы қағып кеткен. Бала ауруханаға жеткізілді. Куәгерлердің айтуынша, зардап шеккен қыз орташа дәрежелі жарақат алған, өміріне қауіп жоқ.

Көлік жүргізушісіне қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 610-бабы (“Көлік құралдарын жүргізушілердің жол қозғалысы ережелерін бұзуы, көлік құралдарына, басқа мүлікке залал келтіруі не жәбірленушінің денсаулығына жеңіл немесе орташа ауырлықтағы зиян келтіруі”) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Қазір тергеу жүргізілуде. Қажетті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижесіне сәйкес жүргізушіні қылмыстық жауапкершілікке тарту немесе тартпау туралы шешім қабылданады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары