Астанада LRT өткелінің үстіндегі құрылыс сатысын бөлшектеу жұмыстарына байланысты Сығанақ көшесінің оңтүстік жағында көлік қозғалысы уақытша шектеледі, деп хабарлайды turkystan.kz.
Әкімдіктің мәліметінше, жұмыстар 23 қазан күні сағат 12:00-ден 25 қазан күні түнгі 00:00-ге дейін жүргізіледі.
Қозғалыс шектеуі Ақмешіт және Түркістан көшелерінің қиылысы арасындағы учаскеге қатысты болады. Жұмыс барысында құрылыс сатылары бөлшектеліп, материалдар шығарылады.
Қаланың тұрғындары мен қонақтарынан жолда қолайсыздықтар туындамас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауды сұрайды.