Манамада (Бахрейн) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында қазақстандық жеңіл атлет Ақберен Көзтаева үздік ондыққа енді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Спортшы 5000 метрге спорттық жүрістен өткен жарысқа қатысып, 28:51.43 нәтижесімен жетінші орынды иеленді.
Алтын медальді Қытай өкілі Шии Люй (24:15.27) жеңіп алды. Күміс жүлдені үндістандық Ранжана Ядав иеленсе (24:25.88), ал қола Оңтүстік Корея спортшысы Чон Чхэенге (25:26.93) бұйырды.