Әлеуметтік желілерде Шымкент тұрғынының видеосы тарады. Онда ер адам өзіне екі белгісіз адамның шабуыл жасап, ұрлап кетпек болғанын айтып берген, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Маған екі белгісіз адам шабуыл жасап, ұрлап кетпек болды. Мен сол жерден қашып құтылдым. Полицияға арыз жаздым», – дейді ер адам видеода.
Шымкент қалалық полиция департаменті бұл оқиға бойынша тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлады. Тексеру барысында болған жағдайдың барлық мән-жайы анықталуда.
«Оқиғаға қатысушылар мен мүмкін куәгерлерден жауап алынып жатыр, тараптардың уәждері зерделенуде. Тексеру нәтижесінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес процессуалдық шешім қабылданады», – деп мәлімдеді ведомство өкілдері.