Бразилияның жастар командасы «Пиауи» сапында ойнаған 20 жастағы Антони Илано есімді футболшы жол-көлік оқиғасы салдарынан көз жұмды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Спортшы 20 қазан күні таңертең әкесінің туған күніне арналған кештен кейін үйіне қайтып келе жатқан. Сол сәтте жолда тұрған сиырмен соқтығысқан.
Илано оқиға орнында көз жұмған. Футболшының жануармен соқтығысу дерегі бойынша тергеу жүргізілуде.
Бразилиялық футбол клубтары ойыншының отбасы мен туыстарына көңіл айтты.
Антони Илано аймақтағы болашағынан үміт күттіретін жас футболшы саналған және жастар деңгейіндегі матчтарға тұрақты түрде қатысып келген.