Арқалықта бір тойда 150 адам уланған

/
Арқалықта бір тойда 150 адам уланған
istockphoto.com

Бұл туралы әлеуметтік желілерде зардап шеккендердің туысы хабарлады, деп жазады turkystan.kz.

«Кеше туысымыздың 60 жылдық тойы өтті, сол жерде 150-ден астам адам уланды, оның ішінде менің ата-анам да бар (той Арқалықта өтті). Қазір Торғайда ауруханада орын жетіспейді, сондықтан адамдарды Арқалық пен Қостанайға жіберіп жатыр. Мейрамхана тарапынан немқұрайлы қараудың салдарынан өзгелер зардап шегіп отыр», – деп жазды жергілікті тұрғын.

Оның айтуынша, мереке «Жайна» мейрамханасында өткен. Торғайдағы ауруханада орын жеткіліксіз болғандықтан, уланғандар Арқалық пен Қостанайдағы медициналық мекемелерге жіберілуде.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары