«Қайрат» футбол клубының 37 жастағы капитаны Александр Мартынович маусым басында командада негізгі қақпашы болған Александр Заруцкийге алаңға оралу оңайға түспейтінін айтады, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Саша көп уақыт бойы бізде бірінші нөмір қақпашы болды. Жігіттер оның орнын жоқтатпауға тырысып жүр. Саша алаңға оралған соң оған бәрін қайта дәлелдеп, негізгі құрамдағы орынды жаулап алу оңайға соқпайды деп ойлаймын», – дейді Александр Мартынович «QSport»-қа берген сұхбатында.