Таразда 8 қабатты ғимарат өртенді

/
Таразда 8 қабатты ғимарат өртенді

Тараз қаласында 8 қабатты ғимаратты өрт шарпыды, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Бүгін Тараз қаласының «Бәйтерек» шағын ауданында салынып жатқан көпқабатты тұрғын үйде өрт шықты. Алғаш болып келген өрт сөндіру бөлімшелері ғимараттың 2-қабатынан 9-қабатына дейінгі қасбеті отқа оранғанын анықтады», – делінген сейсенбі күнгі хабарламада.

Министрліктің мәліметінше, өрт сөндірушілердің жедел әрекетінің арқасында тілсіз жау қысқа уақытта толық сөндірілді.

«Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда», – деп толықтырды ТЖМ.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары