300
Азия сарапшылары Астанада бас қосты
Азия сарапшылары Астанада бас қосты
Конференцияны Өңірлік хабтың басқарушы комитет Төрғасы Алихан Байменов, ҚР Президенті жанындағы Академия Ректоры Фатима Жақыпова, AAPA Президенті Пан Сук Ким, БҰҰ Бас хатшысының Оңтүстік-Оңтүстік ынтымақтастығы бойынша Уәкілі Хорхе Чедиек ашты деп жазады egemen.kz.
«Қазақстандағы конференцияның Астанада алғаш өткізілуі әріптестіктің кеңеюі мен Хабтың ғана емес, Қазақстанның халықаралық аренадағы рөлінің артқанын аңғартады. AAPA мен Хаб - аймақаралық және аймақтық ынтымақтастықты дамытуға серпін беретін тұғырнамалар», - деп атап өтті Өңірлік хабтың басқарушы комитет Төрғасы Алихан Байменов. ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Фатима Жақыпова мемлекеттердің басқару жүйесіне әлемде туындайтын тегеурінді талаптардың ықпал ететінін атап өтті.
«Әлемдік экономикадағы дағдарысты көріністерге және тұрақсыз саяси жағдайға негізделген әлеуметтік-экономикалық трансформация мемлекеттік билік органдарынан ұзақ мерзімді орнықты дамуды қамтамасыз ету мен тұрақтандыру бойынша міндеттерді алға қоюды және оларды шешуді талап етеді. Осы күндері Астана қаласында алғаш рет өткізіліп отырған Азия мемлекеттік басқару қауымдастығының конференциясы практикалық маңызды ұсынымдарды әзірлеудің қалыптасқан кооперация дәстүрлерін көрсетіп берді», - деп айтты Фатима Жакыпова.
«Бұл алаң ғалымдар мен практиктер арасында байланыс орнатып, ынтымақтастықты арттыруға, ғылыми жұмыстар үшін де тамаша мүмкіндіктер береді», - деді Пак Сук Ким. Оның айтуынша, «мұндай ынтымақтастық Азиядағы және жалпы әлемдегі мемлекеттік басқару саласындағы жаңа кәсіби қарым-қатынастарды дамытуға жол ашады». Жоғары деңгейдегі «Паназиялық диалог: тиімді басқару және Тұрақты даму мақсаттары» атты сессияда азиялық, оның ішінде, Жапония, Корея, Үндістан, Қазақстан университеттері мен кәсіби ұйымдар жетекшілері тұрақты даму мақсаттарына жету жолындағы мемлекеттік басқару рөлі мен азиялық құрлықта әріптестікті кеңейту жолдарын талдады. Әртүрлі сессияларда, оның ішінде жас ғалымдар Форумында Индонезия, Қытай, Вьетнам, Непал, Тайвань, Тәжікстан және басқа елдерден келген қатысушылар сандық технологиялар дәуіріндегі мемлекеттік басқаруды дамыту, зерттеу жұмыстарын жасау, мемлекеттік қызметкерлерді оқыту сияқты мәселелерді қарауда. Олар азиалық елдердің бірегей тәжірибелерін, оның ішінде Индонезиядағы меритократия қағидаттарына негізделген мемлекеттік аппаратты дамыту, Филиппиндағы электронды үкіметке деген сенімді арттыру, Үндістандағы IT реформалар жетістіктері, Қытайдағы экологиялық саясат және тағы басқа мәселелерді қарауда. Ғалымдар мен парктиктер арасындағы пікір және тәжірибе алмасу азиялық құрлықтағы мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру бойынша ортақ ұсыныстар әзірлеуге мүмкіндік береді.