5 баланың анасы Әйгерім Сәттібаева Қазақстан чемпионы атанды

/
5 баланың анасы Әйгерім Сәттібаева Қазақстан чемпионы атанды

Әйгерім Сәттібаева Семейде бокстан өтіп жатқан Қазақстан чемпионатының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды turkystan.kz.

48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Әйгерім Сәттібаева ақтық сында жетісулық Әнел Құдайбергенді 5:0 есебімен жеңіп, Қазақстан чемпионы атанды.

Еске сала кетейік, Әйгерім Сәттібаева – 5 баланың анасы. Бұған дейін боксшы «Túrkistan» халықаралық газетіне берген сұхбатында арманы әлем чемпионы атану екенін айтқан болатын.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары