Жапонияның Миоко таулы аймағында 32 жастағы ультрамарафоншы Билли Хэллоранға гималайлық аю шабуыл жасаған. Оқиға ол жаттығу жасап жатқан кезінде болған, деп хабарлайды turkystan.kz.
Билли салмағы шамамен 60 келі болатын екі аюды көріп, олардан сытылып кету үшін ақырын шегіне бастаған. Алайда аюлардың бірі кенеттен оған тап берген. Билли айқайлап қорқытпақ болғанымен, аю оның қолын жұлқып. үш жерінен сындырып жіберген.
Содан кейін жыртқыш оның аяғын тістеп, жарақаттаған. Белгісіз себеппен аң кейін шегінген. Қансырап тұрған Билли қауіпсіз жерге жетіп, қолын кеудесіне бекітіп алған. Осыдан соң әйеліне қоңырау шалған. Жұбай оны дереу жедел жәрдемге жеткізген. Дзёэцу ауруханасында оған үш ота жасалды, олардың бірі төрт сағатқа созылған.
Дәрігерлер оның қолына екі темір пластина орнатқан.